Төрт өңірде ескерту жарияланды

Төрт өңірде ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз

7 желтоқсанда еліміздің төрт облысында тұман, көктайғақ және қатты жел тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

7 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, 8-9 желтоқсанда облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.