4 ақпанға арналған болжам: Елдің басым бөлігінде тұман түседі

4 ақпанға арналған болжам: Елдің басым бөлігінде тұман түседі
Сурет: Total.kz

Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Еліміздің батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады. Республика бойынша жекелеген аймақтарда тұман және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман болжанады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысына, Маңғыстау облысының солтүстік-батысына тұман түседі. Аталған өңірлердің шығысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Аталған өңірлердің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының Мұғалжар стансасында желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз Қарағанды облысының батысында желдің екпіні 18 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, түнде шығысында тұман күтіледі.