4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

4 ақпанға арналған ауа райы болжамы
сурет:tengrinews.kz

Еліміз бойынша тұман түседі.

Республикамыздың басым бөлігі оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Осыған байланысты күн райы құбылып тұрады, кей жерлерде жауын-шашын болса, оңтүстікте, оңтүстікте кей уақытта нөсер жаңбыр, қалың қар түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Елдің солтүстік аймақтарына антициклон жотасы әлі де болса әсерін тигізіп, күн жауын-шашынсыз болады. Еліміз бойынша тұман түседі.

Түнде және таңертең оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын, қар жаууы ықтимал.