32 жастағы ер адам жүргізуші куәлігін қолдан жасаған

32 жастағы ер адам жүргізуші куәлігін қолдан жасаған
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Төрт көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша материал қаралған

 Мұндай қулықты Қарағанды облысынан Алматыға келген 1991 жылы туған Ш.есімді азамат жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Төрт көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша материал қаралып жатқан Әуезов аудандық полиция Басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімінде жалған құжат жасаған ер адам анықталды.  Кінәлі - Ш.есімді азамат. Ол жаппай жол апатына себеп болды.  Істі қарау барысында полиция қызметкері күдіктінің жүргізуші куәлігінің шынайылығына күмәнданды: сурет оныкі, ал ЖСН басқа адамдыкы. Тергеу барысында жүргізушінің нақты деректері анықталып, нәтижесінде 2019 жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталып, сот үкімімен үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды», - деді, Алматы қалалық Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.

 Құжаттарды қолдан жасау дерегі ҚР ҚК-нің 385 бабы бойынша тіркелді.  Оны Әуезов аудандық полиция Басқармасы тергеп жатыр.  Күдікті өзін қорғау үшін, жеке тасымалдаумен күн көретіндіктен қылмыс жасауға мұқтаж болғандығын айтты.