31 наурызға арналған ауа райы болжамы

 31 наурызға арналған ауа райы болжамы
puzzleit.ru

«Қазгидромет» синоптиктері 31 наурыз, бейсенбі күні, ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыс циклонның әсерінен жауын-шашын болуы ықтимал. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, өңірдің солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан да асады, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облысының батысында, орталығында тұман, желдің күшеюі түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, тұман, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында тұман, түнде облыстың солтүстігінде жел күшейеді - 15-20 м/с. Алматы облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с, түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, кей уақыттарда 23 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында тұман болады.