31 мамырға арналған ауа райы болжамы

31 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Барлық өңірде екпінді жел сақталады

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 31 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Тек республиканың солтүстігі мен оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ашық күн райы қалыптасады. Барлық өңірде екпінді жел сақталады, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрса, солтүстікте тұман болжанады. 

Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде және батысында қатты ыстық болады.

Қостанай облысының басым бөлігінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өрттің жоғары қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысы мен орталығында, Атырау, Қарағанды облыстарының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігі мен шығысында өрттің төтенше жоғары қаупі сақталады.