31 343 жүкті әйел Pfizer вакцинасын алды

31 343 жүкті әйел Pfizer вакцинасын алды
Сурет: Inform.kz

Оған қоса 112 114 емізулі әйел де осы екпені салдырған.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналы жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2022 жылғы 13 сәуірдегі «Pfizer» вакцинасының ️ I дозасын 997 418 адам, ІІ дозасын 862 420 адам салдырды.

Оның ішінде І компонентімен 799 492 жасөспірім, 36 796 жүкті әйел, 131 954 бала емізетін әйел егілген. Ал ІІ компонентін 717 522 жасөспірім, 31 343 жүкті әйел, 112 114 бала емізетін әйел қабылдаған.