30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
kundemi.kg

Қазгидромет 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Республиканың басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республиканың тек батысына және оңтүстік-батысына солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай болады.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел күшейеді, таңертең және күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарда найзағай бақыланады.

Ақмола облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең шығысында тұман күтіледі.

Күндіз Алматы облысының шығысында және таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.