30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

30 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Мetronews.ru

Республиканың тек батысында еуропалық циклон жырасы әсерінен жауын-шашын көктайғақ, тұман, екпінді жел тұрады.

«Қазгидромет» РМК 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ауқымды антициклон жотасы әлі де республиканың басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Соған орай күн райы жауын-шашынсыз болмақ. Республиканың тек батысында еуропалық циклон жырасы әсерінен жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), көктайғақ, тұман, екпінді жел тұрады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады. 

Атырау облысының солтүстігінде тұман, батысы мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. 

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жел күшейеді - 15-20 м/с, күндіз шаңды дауыл болады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. 

Қостанай облысының батысында жел күшейеді, екпіні - 15-20 м/с. 

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді.