30 мыңнан аса жігіт әскерге барудан жалтарып жүр

30 мыңнан аса жігіт әскерге барудан жалтарып жүр
Сурет: Tengrinews.kz

Ал шақырылушы әскерден бірнеше рет жалтаратын болса, 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұл салынады.

Немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елімізде 30 мыңнан аса азамат Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр. Былтыр әскерге барудан жалтарып, есепке алу құжаттарын қасақана бүлдірген немесе жоғалтқан 4 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Жыл сайын әскер қатарына 34 мың сарбаз алынады. Бұрын сапқа тұруға барлығы асығатын. Қазір көзқарас өзгерген. Әскерге барудан жалтарып жүрген жастарды үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Айыппұл салынады, қоғамдық жұмысқа тартылады.

«Жергілікті әскери органның шақыртуы бойынша азаматтың келмегені үшін 5 АЕК айыппұл салынады. Ал шақырылушы әскерден бірнеше рет жалтаратын болса, 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұл салынады, не болмаса 400 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - деді ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Тапашев.