30 елде маймыл шешегінің 550-ден астам жағдайы тіркелді – ДДСҰ

30 елде маймыл шешегінің 550-ден астам жағдайы тіркелді – ДДСҰ
Cурет: ©REUTERS

Мемлекет бақылауды күшейту керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде маймыл шешегінің 550-ден астам жағдайы тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мемлекет халықтың кең топтарын бақылауды күшейту керек екенін айтты. Ол маймыл шешегіне шалдығушымен тығыз физикалық қарым-қатынаста болған кез келген адам оны жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта ДДСҰ-на 30 елден 550-ден аса расталған жағдай туралы ақпарат келіп түсті", - делінген ұйымның сайтында.