3 наурыз күні бірнеше өңірді тұман тұмшалайды

3 наурыз күні  бірнеше өңірді тұман тұмшалайды
www.koroglugazetesi.com

«Қазгидромет» РМК 3 наурыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Нұр-Сұлтан қаласын түнде және таңертең тұман басады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін артады.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман болады. Күндіз батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болжанады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады.

3-4 наурыз аралығында катты жауын-шашыннын болжануына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында ағынды судың қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі болжанады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман болжанады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.