3 ақпан күнгі ауа райы болжамы

3 ақпан күнгі ауа райы болжамы Almaty-akshamy.kz

3 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал батыс, солтүстік-батыс, шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман болжанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, Атырау облысының батысында және солтүстігі мен орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, түнде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында және шығысында тұман күтіледі.


Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. 15-20 м/с күшпен жел тұрады, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.


Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.


Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстік-шығысында 17-22 м/с жел тұрады.


Жамбыл облысының солтүстік-батысында және таулы аудандарында көктайғақ, солтүстігінде таулы және тау бөктерлі аумақтарында тұман, солтүстік-шығысында 15-20 м/с жел күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40