Алматы тұрғындары арасында екпе алушылар көбейіп жатыр

Алматы тұрғындары арасында екпе алушылар көбейіп жатыр
Сурет: Hse.ru

Екпе саламын деушілерге вакцина жетеді.

Алматыда вакцина тапшылығы жоқ, бұл туралы 24 маусым күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «COVID-19-ға қатысты өзекті сауалдар» тақырыбында өткен онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Лаура Мырзағали шаһарда ПТР-сынамасы да жеткілікті екенін айтты. 

«Өз басым халық екпе сала бастаса, қатты қуанамын. Себебі олар ауырмай, өздерін қорғаса екен деймін. Мәселен, 19 маусымда 3800 адам екпе салса, 21 маусымда бірден 5040 адам екпе алды.Кеше, яғни 24 маусым күні, 7 мыңнан астам адам екпе алды, егер де біз осы екпінмен екпе салдыратын болсақ, онда бізде ұжымдық иммунитет қалыптасар еді»,–деді Лаура Мырзағали. 

Маманның айтуынша, қазіргі кезде қалада ресейлік, қытайлық және қазақстандық вакцина бар.