29 шілдеге арналған ауа райы болжамы

29 шілдеге арналған ауа райы болжамы
almaty-akshamy.kz

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін күн ашық болады.

Тек қана солтүстік, орталық пен оңтүстік-шығыста атмосфералық ауа ағындары бөліктердің өтуі әсерінен найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады деп күтілуде. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Павлодар, күндіз Ақмола облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ түсу мүмкін.

Күндіз Жамбыл облысында аптап ыстық сақталады, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында да қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.