29 шілдеге арналған ауа райы болжамы

29 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

29 шілдеде еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында жел екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің найзағай ойнаған кездегі екпіні 18-23 м/с құрайды. Қарағандыда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ойысып, найзағай жарқылдаған кездегі екпіні 18 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Өңірдің солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз қатты ыстық болады: +35°C. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.