28 тамызға арналған ауа райы болжамы

28 тамызға арналған ауа райы болжамы
сурет: El.kz

Республика бойынша солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жел күшейіп, бұршақ жауады.

«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 28-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кәспорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде күн әлі де жауын-шашынсыз, тек бұрынғыдай солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жел күшейіп, бұршақ жауады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнайды. Жамбыл облысында бұршақ жауады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында таңертең және күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнайды. Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде облыстың солтүстігінде жел күшейеді. Күндіз басым бөлігінде 15-23 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.