28-сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

28-сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
almaty-akshamy.kz
«Еңбек түбі - береке, көптің түбі - мереке». 28-сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Осыған орай «Алатау Жарық Компаниясында» «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Шараны ұйымдастыруға «Самұрық-Энерго» АҚ мұрындық болды. Жиында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша бейнеүндеулер көрсетіліп, оның адам өмірі мен денсаулығына маңызы түсіндірілді.
Мақсат – компания қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, Ұлы дала ұрпақтарының амандығын сақтау.
Сондай-ақ шарада «Серіктес» кәсіподағы «АЖК» АҚ қызметкерлерінің балалары мен немерелері арасында сурет салу байқауын ұйымдастырды.
Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.