28 ителгі құсын әкетпек болған топ құрықталды

28 ителгі құсын әкетпек болған топ құрықталды Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция жүргізді


Атырау әуежайында 28 ителгі құсын шетелге әкетпек болған қылмыстық топ ұсталды. ҚазАқпарат бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.



Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операцияны 17 қыркүйекте өткізген.  Қазақстанның Қызыл кітабына енген 28 ителгі құсын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болған шетелдіктер мен ҚР азаматтары Атырау қаласының әуежайында ұсталды.


Олар құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған.






«Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ителгіні күтіп-ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден астам. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратында.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37