28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

28 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

"Қазгидрометтің" күн райына жасаған болжамы

"Қазгидромет" 28 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жауын-шашын жауады, (жаңбыр мен қар түрінде), көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Түркістан облысында таулы аудандарда найзағай, облыстың батысы мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының орталығында тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ, облыстың батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, батысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі.