27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ont.by

Қазақстанның кей өңірлерінде аяз болады.

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жыл басында еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 18-23 аралығында, кей жерлерде 26 градусқа дейін аяз сақталады. Тек батыста, сондай-ақ 28-29 қаңтарда республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік циклонның өтуімен жауын-шашын күтіледі, таулы аудандарда қатты жаңбыр мен қар жауады», - делінген синоптиктер хабарламасында.