26 желтоқсандағы ауа райы болжамы

26 желтоқсандағы ауа райы болжамы Cурет: Ашық дереккөз

Елдің басым бөлігінде қар жауады


Қазгидромет 26 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ҚР-ның басым бөлігінде қар жауады. Еліміздің батысында, оңтүстік бөлігінде жауын-шашын болады, таңертең және күндіз таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады, тұман болады. Елдің оңтүстігінде, батысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын соғады, батысында, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі.


Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады, Алакөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.


Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.


Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.


Атырау облысының солтүстік-батыста тұман, көктайғақ, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күтіледі.


Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.


Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.


Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.


Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман, таулы аудандарында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.


Қызылорда облысының оңтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26