25 қазандағы ауа райы

25 қазандағы ауа райы
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы облысында жел күтіледі

"Қазгидромет" 25 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Фронталды аумақтың әсерінен республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел күшейеді, тұман күтіледі.

Алматы облысының Алакөл аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.