25 мың шетелдік автокөлік заңдастырылды

25 мың шетелдік автокөлік заңдастырылды
Сурет: интернеттен

Заңдастыру рәсімі 1 шілдеге дейін жалғасады.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек азаматтардың неше шетелдік көлікті заңдастырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтардан басталды. Бүгінде 61 мың азамат көліктерін заңдастыруға рұқсат сұрады. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттары мен нөмірлерін алды», –  деді ол.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру рәсімі 1 шілдеге дейін созылады. Жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар (салмағы 5 тоннаға дейін) мен шағын жүк көліктерді (салмағы 3,5 тоннаға дейін) заңдастыруға рұқсат беріледі.