25 мамырға арналған ауа райы болжамы

25 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Барлық өңірде жел күшейеді

25 мамыр күні атмосфералық бөліктердің өтуімен елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың қалған аймақтарында солтүстік антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық күн райы күтіледі. Барлық өңірде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл сақталады. 

Сондай-ақ Павлодар облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.