25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Жетісу облысының таулы аймақтарында 28 градусқа дейін қатты аяз болады

Синоптиктер республика бойынша 2023 жылғы 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің хабарлауынша, тек Қазақстанның солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауады, бұрқасын соғып, жел күшейеді, солтүстікте, батыста, оңтүстікте тұман болжанды.

Түнде солтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында 28 градусқа дейін қатты аяз болады.