24 наурызға арналған ауа райы болжамы

24 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Күн жылы, аспан ашық болады

"Қазгидромет" синоптиктері 24 наурыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның бүкіл аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.

Тек республиканың солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.

Аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.