24 наурыз күнгі ауа райы болжамы

24 наурыз күнгі ауа райы болжамы
Cурет: 24.kz

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста бұрқасын күтіледі

"Қазгидромет" Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 24 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Циклон жырасы бұрынғысынша ҚР солтүстік өңірлеріне ықпал ететін болады, сондай-ақ фронтальды бөліктердің өтуімен елдің солтүстігінде, шығысында жауын шашын, солтүстігінде, шығысында қар түрінде, ал оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді.
Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м / с, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 25 м / с, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с , күндіз екпіні 23 м/с бұрқасынмен, күндіз көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында солтүстікте жаяу бұрқасын, облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі, облыстың түнде орталығында, күндіз солтүстік-шығысында жел күшейеді екпіні 18 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстігінде және шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының күндіз батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жел күшейеді.

Атырау облысының батысында, шығысында және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.