24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Бүгін еліміздің көптеген қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 24 қаңтарда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24 қаңтарда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Шымкент, Жезқазған, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Павлодар (1-дәрежелі), Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.