24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

24 ақпанға арналған ауа райы болжамы Сурет: Ашық дереккөз

Кей өңірде қар аралас жаңбыр жауады


Синоптиктер Қазақстан бойынша 2022 жылғы 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


"Қазгидромет" РМК таратқан мәліметке сүйенсек, атлантикалық циклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.


Синоптиктердің болжауынша, жұма күні кей өңірде қар аралас жаңбыр жауады, тек батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста күн райы жауын-шашынсыз болады.


Сондай-ақ көктайғақ, тұман, найзағай, бұрқасын болжанды.


Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз -7-9°С, күндіз одан әрі төмендейді.


Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С болады.


Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысқанда күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +6+8°С, күндіз +14+16°С болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09