22 тамызға арналған ауа райы болжамы

22 тамызға арналған ауа райы болжамы
сурет: Inform.kz

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығыста бұршақ болады.

"Қазгидромет" 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстігінде, күндіз батысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығыста бұршақ болады. Қызылорда облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, дауыл болады. Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с, шаңды дауыл болады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, солтүстік-шығысында шаңды дауыл, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел болады. Павлодар облысының солтүстігінде және солтүстік-батысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, 15-20 м/с жел болады. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде 15-20 м/с жел күтіледі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде өте қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болжанады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.