22 мамырда күн құбылмалы болады

22 мамырда күн құбылмалы болады
Сурет: Ашық дереккөз

"Қазгидромет" мамандары 22 мамыр, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, облыстың батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Павлодар облысының шығысында, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында қауіпті өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.