21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сурет:Oblgazeta.ru

Бұршақ, найзағай, нөсер жауын болады.

«Қазгидромет» мамандары 21 сәуір, бейсенбі күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.

Салдарынан жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аудандарында және солтүстікте қатты жауын-шашын жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте тұман түсіп, оңтүстікте найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с, солтүстік-батысында, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел қарқыны 25 м/с жетеді.

Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғады. Найзағай кезінде желдің күші - 17-22 м/с. Алакөл аумағында жел 25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел тұрады.

Қостанай облысының солтүстік жартысында тұман түседі, күндіз солтүстікте, шығыста жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында желдің күші - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.