21–27 қаңтар, 2021жыл АПТАЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

 

  Тоқты

(21.03 –20.04)

Жаңа іс бастауға, жоспарларды жүзеге асыруға, капитал құюға таптырмас апта. Апта соңында сүйіктіңізбен арада проблема туындауы әбден мүмкін. Достардың көмегіне жүгініңіз.

Торпақ

(21.04 – 21.05)

Акционерлік қоғамды немесе қоғамдық ұйымды басқаруыңыз бек мүмкін. Мұраға ие болып қалуыңыз ғажап емес. Бірақ өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізді асыра бағаламаңыз. Дау-жанжалдан аулақ жүріңіз.

Егiздер

(22.05 – 21.06)

Денсаулыққа көңіл бөлетін уақыт. Кейбір әріптесіңіз тұрғылықты мекенін өзгертіп, басқа жерге қоныс аударады. Жұлдызыңыз демалыс үйлері мен шипажайларға жиі баруға кеңес береді.

 

Шаян

(22.06 – 23.07)

Қомақты қарыз алуыңыз әбден мүмкін. Осы  белгі аясында туғандар өте сақ, мұқият болуы керек, ішкі түйсікке сенім артқан дұрыс. Үйленуге, жаңа баспана сатып алуға қолайлы апта.

Арыстан

(24.07 – 23.08)

Осы аптада жұмысқа, қызмет көрсету саласына, білімге көп энергия жұмсалады. Бюрократиямен бетпе-бет келесіз. Мәселелерді шешкен кезде ақыл мен логикалық ойлауға сүйену керек.

Бикеш

(24.08 – 23.09)

Бұл апта сіз үшін тыныш өтеді. Бойдақтар махаббатын кездестіріп, сүйікті ісімен айналысуға, спортпен шұғылдануға, оқуға уақыт табады. Мәселе шешуге барынша оңтайлы уақыт.

 

Таразы

(24.09 – 23.10)

Құзырлы органдарға жер алу туралы өтініш беруге  болады. Отбасымен байланысты өзгерістер болжанып отыр. Жанұяда дау-жанжалға, ұрыс-керіске жол бермеуге ерекше тырысыңыз.

 

Сарышаян

(24.10 – 22.11)

Осы апта беймаза болады деп күтілуде. Бұл белгіде дүниеге келгендер тым жиі сапарға шығып, іскерлік байланыстарды реттейді. Туысқандарға да көңіл бөлуді ұмытпау қажет.

 

Мерген

(23.11 – 21.12)

Бұл сіз үшін қаржы мәселесін шешетін уақыт. Көп адамға бұл апта сәттілік, материалдық табыс әкеледі.  Шектен тыс оптимизм болудан сақтаныңыз. Эмоцияға емес, ақылға көбірек сүйеніңіз.

 

Тауешкi

(22.12 – 20.01)

Қиын кезең артта қалды. Бойдағы талант пен кәсіби қарым-қабілетті ашу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Жаңа бастама кірісті молайтады. Бастаған істі соңына дейін жеткізіңіз.

Суқұйғыш

(21.01 – 19.02)

Ерен еңбекке құлшыныс оянады. Адамдар оңаша қалуға, шығармашылық шабытқа ұмтылады. Дінге қызыға бастайды. Бірақ өз-өзіңізді алдаудан, алданып қалудан сақ болыңыз.

 

Балықтар

(20.02 – 20.03)

Осы белгіде туған жандар үшін табысты апта болмақ. Үміт ақталады. Жаңа дос табасыз. Тосынсыйлар болуы мүмкін. Ұжыммен бірлесіп жұмыс істеуге неғұрлым қолайлы, сәтті апта.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *