2030 жылы алты қала су астында қалуы мүмкін

2030 жылы алты қала су астында қалуы мүмкін
Cурет: ТАСС

Амстердам, Басра, Жаңа Орлеан, Венеция, Хошимин және Калькутта қалаларын су басуы мүмкін

Климаттың өзгеруінен алдағы он жылда әлемнің әр түкпіріндегі алты қала су астында қалуы мүмкін. Бұл туралы Climate Central тәуелсіз ұйымының  деректеріне сүйене отырып The India Times басылымы  мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған ұйым Климаттың өзгеруі жөніндегі Үкіметаралық сарапшылар тобының мәліметі негізінде өздерінің болжам картасын жасап шыққан. 

Басылымның жазуынша, Амстердам қаласы теңіз суының көтерілуінен бірінші болып су астында қалуы мүмкін. Одан кейінгі кезекте Басра қаласы тұр. Ол Ирактағы Шатт-әл-Араб өзенінің жағасында орналасқан. The India Times басылымының түсіндіруінше, қаланың айналасы сулы-батпақ. Сондай-ақ АҚШ-тың Луизиана штатындағы Жаңа Орлаен қаласына да су астында қалу қауіпі төніп тұр.  Тізімнің төртінші кезегінде Венеция орналасқан. Италияның бұл қаласында жер деңгейі жыл сайын 2 мм төмендеп отырады екен. Одан кейін Вьетнамның Хошимин қаласы тұр. Болжамға сәйкес қаланың шығыс ауданын жақын маңдағы Меконг өзені басып қалады. Сонымен қатар Үндістанның Калькутта қаласы да су астында қалады деп болжанды.

The India Times басылымының пайымдауынша, бұл тізімді құруға қоршаған ортаның ластануының қазіргі траекториясы негіз болған.