2025 жылға дейін 3 онкологиялық орталық, 12 зертхана салу жоспарланған

2025 жылға дейін 3 онкологиялық орталық, 12 зертхана салу жоспарланған Сурет: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналы

Оларды медициналық жабдықпен жарақтау кезінде отандық өндірушілерге басымдық берілетін болады.


Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Medtech медициналық техника жөніндегі бірінші халықаралық форумға қатысу барысында осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.  


Форум 17-ші Қазақстандық халықаралық Astana Zdorovie-2021 көрмесі аясында өтті. Іс-шараға дәрілік препараттарды әзірлейтін, өндіретін жетекші отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялар қатысуда.



Форум қатысушыларына арнаған сөзінде Ералы Тоғжанов пандемия кезеңінде аталған форумды өткізудің өзектілігін атап өтті: «Пандемия елді вакциналармен, дәрілік заттармен ғана емес, медициналық жабдықтармен де қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті. Қазақстанда біз мұны басым бағыт ретінде белгіледік. Біздің үлкен әлеуетіміз бен мүмкіндіктеріміз бар».



Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту жөніндегі арнайы кешенді жоспар қабылдағанын, оны іске асыру 2025 жылға қарай отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 50%-ке дейін арттыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.



Ералы Тоғжанов денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту туралы айта келе, 2025 жылға дейін кемінде 20 заманауи аурухана, 3 онкологиялық орталық, 12 зертхана, медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтан өткізуге арналған орталық салу жоспарланғанын жеткізді. Оларды медициналық жабдықпен жарақтау кезінде отандық өндірушілерге басымдық берілетін болады. Сондай-ақ, вице-премьер көрмеге қатысушылардың павильондарын аралап, фармкомпаниялар өкілдері мен медициналық техника өндірушілеріне жемісті жұмыс тіледі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09