2024 жылы зейнетақы мөлшері қандай болады?

2024 жылы зейнетақы мөлшері қандай болады? Сурет: ашық дереккөз

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасын Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» порталында орналастырды.


Құжат зейнетақы мөлшерін, ең төменгі күнкөріс деңгейін және АЕК мөлшерін анықтайды. 


Атап айтқанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгерістар болады: 


·         ең төменгі жалақы 70 000 теңге; 


·         мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге; 


·         ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге; 


·         айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге; 


·         базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге.


Сондай-ақ жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдерін 9,0%-ға арттыру күтілуде. 


Айта кетейік, 2023 жылға арналған зейнетақы төлемдері  мынадай: 


·         мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңге; 


·         ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет