2023 жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

2023 жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөз

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2023 жылы жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы айтарлықтай өсетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Оның айтуынша, осыдан 3 жыл бұрын жалақыны арттыру мәселесі көтерілгенде министрлік қызметкерлері 65 мың теңге алған.

"Қазір қызметке келген қызметкердің ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге", - деді Юрий Ильин Үкімет отырысан соң.

Ол  жас қызметкерлердің жалақысы келесі жылы айтарлықтай өсетінін осы орайда атап өтті.

"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 70% дегенде, бұл – қызметті енді бастаған қатардағы құрамның жалақысы максималды өседі деген сөз. Ал 10% дегенде, басшы құрам туралы айтып тұрмын. Олар – өрт сөндіру қызметінің, төтенше жағдайлар қызметінің басшылары", - деді министр.