2023 жылы қандай маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болады?

2023 жылы қандай маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болады? avto.goodfon.com

Үкімет Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруды жалғастырады.


Үкіметтің баспасөз қызметі 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспарын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Зейнетақы мен жәрдемақының және ең төменгі жалақының артуы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын жүзеге асыру, жаңа даму бағдарламаларын, 5G байланыс желілерін іске қосу, сондай-ақ шағын қалалар мен ауылдарда интернет сапасын арттыру – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет іске асырып жатқан осы және басқа да өзгерістер мен бастамалар биыл қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға игі әсерін тигізетін болады.


2023 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Еңбек кодексі бойынша жұмыс берушілер ЕТЖ-дан төмен емес деңгейде жалақымен қамтамасыз етуге міндетті екенін ескерсек, барлық салаларда әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы қызметкердің ақшалай кірісі өседі.


Үкімет дәрігерлердің, мұғалімдердің, бюджет саласының басқа да қызметкерлерінің және өндірістік персоналдың жалақысын кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейтін Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруды жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07