2023 жылы елімізде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің жиыны өтеді

2023 жылы елімізде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің жиыны өтеді Cурет: Qazaqstan.tv

Министрлер Жаңа Жібек жолын жандандырудың жол картасын дайындауға келісті.


Түркі мемлекеттері туризмді дамытуда бірлесе әрекет етуі тиіс. Жаңа Жібек жолын жандандыру үшін бауырлас елдер арасындағы байланысты арттыру маңызды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Түркітілдес елдердің 2022 жылғы туризм астанасы болып таңдалған Әзірбайжанның Шамахи қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің жиынына қатысушылар осындай пікірде. Осымен жетінші рет кездесіп отырған министрлер Жаңа Жібек жолын жандандырудың жол картасын дайындауға келісті.


Жиналғандар түркітілдес елдердің туризм әлеуеті жоғары екенін, бірлесе жұмыс істесе, саладағы түйткілді мәселелердің барлығын шешуге болатынын тілге тиек етті. Министрлердің келесі басқосуы 2023 жылы Қазақстанда өтетін болды.



"Бүгінгі жиынымыз өте мазмұнды өтті. Туризмді дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқыладық. Туризмді жандандыру - Түркі мемлекеттері ұйымы үшін басым бағыттардың бірі. Сондықтан Жаңа Жібек жолын қайта құру үшін бүгінгі жиында талқыланған жобаларды бірлесе жүзеге асырамыз деген үміттемін", - дейді Түркі мемлекеттері ұйымы төрағасының орынбасары Мирвохид Азимов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04