2023 жылы ауданда 120 орындық мемлекеттік балабақша салу жоспарланған

2023 жылы ауданда 120 орындық мемлекеттік балабақша салу жоспарланған
Сурет:Tengrinews.kz

Өткен жылы Әуезов ауданында 348 орындық 6 жеке меншік балабақша ашылды.

Биыл «Алтын бесік» шағынауданында 120 орындық мемлекеттік балабақша салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бұл жоба бойынша оң мемлекеттік сараптама алынды. Бүгінде мердігер ұйымды айқындау үшін конкурс жүріп жатыр. Бұдан басқа сәуір айында 10-шы шағынауданда 160 орындық балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысты 2024 жылы аяқтау жоспарланған», - деді мегаполис басшысы бүгінгі тұрғындармен кездесуінде.

Сонымен қатар ауданда «Мектеп автобусы» жобасы аясында биыл 5 мектеп (9, 42, 127, 130, 153) көлікпен қамтылады, осы мектептерде оқитын барлық балалар тасымалдаумен толық қамтамасыз етіледі.