2023 жылғы шілдедегі демалыс күндері өзгертілді

2023 жылғы шілдедегі демалыс күндері өзгертілді Сурет: Sputniknews.ru

6 шілдеде Астана күні тойланады.


Қазақстан Үкіметінің «2023 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын», – деп жазылыпты қаулы мәтінінде.



6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке – Астана күні тойланады.


Осылайша, 2023 жылғы шілдеде отандастарымыз бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері үш күн болады.


Негіздемеде жазылғандай, демалысты ауыстыру мереке күндерінде, сондай-ақ демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында іске асырылады.


Құжат 15 қарашаға дейін қоғам боп талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет