2023 жылғы Қысқы Универсиада салтанатты түрде ашылды

2023 жылғы Қысқы Универсиада салтанатты түрде ашылды
Cурет: Vahesport.ru

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында 2023 жылғы Қысқы Универсиада салтанатты түрде ашылды.

Дүбірлі додада ел намысын 78 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оның ішінде шаңғымен жарысудан - 14, шорт-тректен - 12, биатлоннан - 9, мәнерлеп сырғанау мен конькимен жүгіруден - 6, сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру мен қоссайыстан - 2, шайбалы хоккейден 23 қазақстандық студент жарыс жолына шығады.

Қазірге дейін қазақстандық спортшылар барлығы 107 медальға, соның ішінде  20 алтын, 40 күміс, 47 қола медальға ие болды. Бұл жөнінен жалпыкомандалық есепте 107 мемлекеттің арасында 35-ші орында тұр. Көш басында АҚШ, Қытай, Ресей спортшылары келеді.

Универсиада ойындарының тарихы 1924 жылдан бастау алады. Ол 1959 жылға дейін Бүкіләлемдік университет ойындары аталып келді. Сол жылдан бастап универсиада болып танылды. Оған қатысу талаптары енгізілді. Ол бойынша 17 жасқа толған және 28 жастан аспаған жігіттер мен қыздар аталмыш ойындарға қатысуға мүмкіндік алады.

Дүбірлі доданы тікелей эфирде көрсету міндетін «Qazsport» телеарнасы өз міндетіне алып отыр.