2023 жылдың аяғына дейін Қазақстанда киік атуға болмайды

2023 жылдың аяғына дейін Қазақстанда киік атуға болмайды
Сурет: Mir24.tv

Мораторий ұзартылуы мүмкін.

Министрлік 2023 жылдың аяғына дейін киіктерді атуға рұқсат бермеуі мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.

«Бүгін біз киіктерді ату туралы мораторийді ұзарту жөніндегі ұсыныспен ақпарат жібердік. Біздің ұсынысымыз қолдау тапса, 2023 жылдың соңына дейін киіктерді атуға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы киіктерді атпаймыз», - деді Брекешев.

Еске салайық, биыл маусымда Экология министрі киіктердің санын реттеу үшін 80 мың киікті ату туралы түпкілікті шешім қабылданғанын мәлім еткен еді.