2023 жылдан Алматыда «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы іске қосылады

2023 жылдан Алматыда «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы іске қосылады
kazpravda.kz

- Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең маңызды басымдықтардың бірі болып табылады, - деді қала әкімі Е.Досаев.

Келесі оқу жылының басында барлық мемлекеттік мектептерде «дабыл түймелерімен», өткізу жүйесімен (турникеттер), өрт қауіпсіздігі жүйесімен, Полиция департаментінің жедел басқару орталықтарымен байланыстырылатын бейнебақылау камераларымен жабдықталған кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілетін болады. Аталған жобаға жалпы сомасы 4,9 млрд. теңге жұмсай отырып, үш жылдық сервистік модель аясында қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. 2023 жылға арналған бюджет жобасында осы мақсатқа 1,6 млрд. теңге көзделді.

2023 жылы қаламыздың барлық аудандарындағы 29 мектепте 7,7 мың оқушыға арналған «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы іске қосылады.

2023 жылдың I тоқсанында 100 жаңа мектеп автобусы жеткізіліп, заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады. Тасымалдау қызметтеріне 1,4 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.