2022 жылы ТМД-ның мәдени астанасы қай қала болмақ?

2022 жылы ТМД-ның мәдени астанасы қай қала болмақ?
Сурет: Egemen.kz

Алдағы жылы ТМД-ның мәдени астанасы Қырғызстанның Қаракөл қаласы болады

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, 18 желтоқсанда Садриддин Айни атындағы Тәжік мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Душанбе – ТМД-ның мәдени астанасы – 2021» жылының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Іс-шарада 2022 жылғы эстафета Қырғызстанның Қаракөл қаласына берілді», - делінген хабарламада.