2022 жыл қандай болмақ?

2022 жыл қандай болмақ?
ysia.ru

(12 шоқжұлдыз: жұлдыз-жорамал)

Жалпы, 2022 жыл тағдырдың күтпеген жаңалықтарына толы, тың, ерекше белсенді жыл болады. Кейбір деректерде Барыс жылы 1 қаңтарда емес, 1 ақпанда басталып, 2023 жылдың 21 қаңтарына дейін жалғасады деген жорамал бар. Жылдың екі символы болады: ағаш - тұрақты болуға көмектессе, су – сезімталдық, икемділік пен шығармашылық дамуға ықпал етеді.

Жыртқыш аң серпіні адамдар бойында оптимизм мен мақсатқа жетуге деген күш-жігерді оятып, армандарға тезірек жетуге көмектеседі. Алдыңғы Сиыр жылымен салыстырғанда анағұрлым белсенділікті байқайсыз. Барыс көптеген өзгерістер әкелмек. Көбісі қателіктерге бой алдырады. Барыс сіздердің жолдарыңызды әдейі уақытша бөгеп, мықты болуға итермелейтін жағдайлар туындатады. Қысқаша айтқанда, барыс сүйе алатындарды емес, мақсаттарына жетуге дайын адамдарды қолдап-қолпаштайды. Соған қарамастан, Барыс – сенімді әрі адал хайуан. Сондықтан 2022 жылдан үй ішінде жылылық, тұрақтылық, түсіністік пен махаббат күтуге болады.

Басында Тоқтыларға 2021 жылғы келеңсіздіктерден арылу қиындау болуы мүмкін. Ары қарай жылжу үшін аталған мәселелерге қажетті уақыт бөлу маңызды. Пайда табу жағы басты назарда болмақ. Сондықтан жұмыс орныңызда тапжылмай еңбек ету керек немесе жаңа жұмыс іздеу қажет. Қалаған дүниеңіздің барлығын сатып ала аласыз, алайда қаражаттың «құбылмалылығына» дайын болыңыз.

Тоқтылардың жеке өмірінде өзгерістер күтілуде. Сіз сәтті тұрмыс құра/үйлене аласыз немесе жаңа махаббат жырын бастайсыз. Егер сіз жалғыз болмасаңыз, екінші сыңарыңыз жаңа лауазымға тағайындалуы мүмкін. Оның отбасылық бюджетке оң әсері болады.

Табиғатынан қызба мінезді Тоқтыларға бәрін ақылмен шешуге үйрену керек. Ұрыс-керіске бой алдырмаңыз. Одан бөлек, биыл Тоқты жалқаулық немесе алға жылжу қарқынын бәсеңдетуді мүлдем ойламауы тиіс. Егер жоспарға сәйкес жүрсеңіз, бәрі ойдағыдай болады. 2022 жыл сіздің жақсы қырынан ашылуыңызға жол ашады.

Денсаулыққа келер болсақ, Тоқтыға әу бастан қамдана түскен дұрыс. Зиянды көзқарастардан арылуға, эмоцияларыңызды бақылауда ұстауға және жүйке жүйеңізді шаршатпауға тырысыңыз.

Торпақтар үшін 2022 жыл тұрақтылығымен сипатталады. Бастапқы айлар детокс пен тазару уақыты болмақ. Сананы шырмалаған көптеген ойлар мен идеяларды қоя тұрып, өзіңізге көңіл бөліңіз. Күш-жігеріңізді жинақтаудың таптырмас жолы. Осыған дейін күтінбей, ушықтырып алған созылма ауруларға уақыт бөлетін кез келді. Шұғыл істермен жүгіремін деп, жауапкершілік жайлы ұмытпаңыз.

Ақша жағынан Барыс жылы кішкене қиындау болмақ. Жылдың бірінші жартысында жұмыста келеңсіздіктер мен қалтаңыз көтермейтін шығындар болуы мүмкін. Қызмет аясын өзгертуге дейін баруыңыз мүмкін. Бұл талпынысыңыз сіздің жұмыс қабілетіңіз бен ынтаңызға тікелей байланысты. Өзіңді дамытуға ұмтылыс пен білім алу – сіздің басты міндетіңіз болады.

Махаббат аясында кемеңіз кедергілерге тап болмайды. Бірінші жартыжылдық ғашығыңызды іздеп табуға таптырмайтын уақыт.

Кез келген жағдайға икемделе алған Егіздерге биылғы жыл шуағын молынан шашпақ. Кейде маңызды шешімдер қабылдау барысында тез әрі жылдам, тіпті, тәуекелге салып әрекет ету керек болады. Барыс жылында жұмыстарыңызды кейінге қалдырмаңыз. Егіздер туындаған қиындықтарға неғұрлым тез көңіл бөлсе, соғұрлым тез олар шешімін табады.

Махаббат мәселесінде Егіздердің күтпеген оқиға желісі туындауы мүмкін. Сезім мен эмоцияға келгенде өзіңізге ерік беріңіз.

Денсаулыққа биыл мұқият қараған жөн. Егіздер жыл басында жарақат алуы мүмкін. Профилактикалық тексеруден өту артық етпейді, созылмалы ауруларға да назар аударыңыз.

Егіздерде қаржы саласында нағыз төңкеріс орын алады, сондықтан ұтылмас үшін өз мүмкіндіктеріңіздің шегінде, бар ынта-жігеріңізді салуға тура келеді.

Жыл басында Шаяндардың үй ішіндегі жағдайға көңілі толмауы мүмкін. Соның салдарынан ұрыс-керіс орын алып, тіпті, жұптарыңыз жазылуы мүмкін. Алайда, эмоцияға берілмей, логиканы басшылыққа алу керек. Күзге қарай махаббат мәселелері оңала түсуі тиіс. Жалғызбасты Шаяндар өздеріне сай жанды кездестіре алады.

Денсаулық жайлы айтар болсақ, тұмауға оңай бой беретіндерге абай болу керек. Вирустар кезеңіне сақадай дайын болу үшін, күтінуді жылы кезден бастаңыз. Жыл соңында Шаян өзін физикалық тұрғыдан болсын, моральдық жағынан болсын жақсы сезінетін болады. Дегенмен, өзіңізге қамқор болуды ұмытпаңыз.

Қаражат жағына келгенде, Шаяндарға тиянақты болу керек. Барыс жылы сіз өзіңізді жұмыста барыстай сезінетін боласыз. Болашақта еңбегіңіздің ақшалай жемісін көру үшін жұмыс бабымен көп жүгіріп, біраз күш жұмсау керек. Еңбегіңіз еш кетпейді!

Оған қоса, Шаяндарға өзін-өзі бағалаудың жолын табу керек болады. Көңіл күйіңіз бен іс-әрекеттеріңізді бақылауда ұстау – басты қолғанатыңыз. Жаныңыздағылардың ашық араңдатушылық әрекеттеріне бой бермеңіз. Өмірді күрт өзгерту, ұзаққа жол тарту, қажетті дайындықсыз мамандық ауыстыру барыстың ашуына тиюі мүмкін. Бірқалыпты өмір сүрсеңіз, биылғы жыл оңынан болмақ.

2022 жыл Арыстандар үшін бар жағынан белсенді болмақ. Таныстар аясы кеңейіп, жеке өміріңізде жағымды жаңалықтар орын алуы мүмкін. Өзіңізге тән қасиеттерден – белсенділік, жан-жақтылық, сүйіспеншіліктен арылмаңыз. Өзіңіздің эгоңызға сәтті мәміле мен жақсы қарым-қатынастарды құртуға жол бермеңіз.

Отбасылы Арыстандардан өмірлік серіктері көңіл бөлулерін күтеді. Оған біраз күш керек, сол себепті үй ішінде ұрыс-керіс болуы мүмкін. Алайда, тәкаппарлыққа салынбай, керісінше серігіңіздің өміріңізде алар орнын түсіндіруден жалықпаңыз.

Барыс жылы Арыстандардың қаржылай жағдайын алаңдатуы мүмкін. Жұлдыздар импульсивті және ірі сатып алулардан сақ болуға кеңес береді. Мақсаты анық жандарға жұмыста мансабы немесе жалақысы өсуі күтілуде. Алайда, өзге қызметке ауысқанда әліңізді ескеріңіз.

Уақытылы демалуды да ұмытпаңыз. Арыстан өзін-өзі күтпесе, денсаулығы сыр беруі әбден мүмкін. Моральдық күйреуге жол бермеңіз, әйтпесе тез шаршап, Арыстан тізгінін жіберіп алғандай сезімде қалады.

Бикештердің 2022 жылы айы оңынан туып, сәтті кезеңді бастан кешеді. Жалқаулықты ұмытып, өзіңді де, өзгені де алдамау керек. Барыс жылы Бикештерді махаббат өз қарамағына алмақ. Бәлкім, сізге батылырақ болып, бұған дейін бармаған әрекетке жол беру керек шығар. Жалғызсыраған Бикештердің жеке өмірі жақсы жаққа бет алуға тиіс. Отбасылы Бикештерді жанжалға әкелетін оқиғалар легі күтуде. Сізге де, сыңарыңызға да қарым-қатынастағы рөлдеріңізді анықтап алған жөн.

Бикештердің денсаулығы биыл сыр бермеуі керек. Алайда, уақытылы демалысты естен шығармаған жөн. Барыс жеке өмірде, ошақ қасындағы көмек үшін сыбағасын күтеді. Сондықтан энергияңызды үнемдеп, өзіңізді тонуста ұстағаныңыз дұрыс. Сүйікті ісіңізге де уақыт бөлуді естен шығармаңыз.

Ақша, қаржы жағын айтар болсақ, күтпеген ұсыныстар да, тәуекелге толы әрекеттер де жеткілікті болады. Мұндайда салқынқандылық танытып, оңай ақша табуға сенім артпай, тәуекелге барғанда да мүмкін болар шығынның мөлшері аз болуға тиіс.

2022 жыл Таразыларға өмірін жақсы жаққа өзгертуге қолұшын созады. Оң өзгерістер тезірек келсін десеңіз, йогамен айналысып, позитивті ойлаңыз. Сізді тек жоғарыға жетелейтін жандарды табуға тырысыңыз.

 Жалғызбасты Таразылардың көптен күткен қосақтарын табуда жолы болуы мүмкін. Алайда, сіз өзіңіз бастамашылық етуіңіз тиіс.

Таразыларға денсаулығын бірқалыпта ұстау қиын соқпайды, алайда жан-дүниеңіздің жағдайына көңіл аударған жөн. Тұмаудан бас көтермесеңіз, жазғы демалысты теңіз жағасында өткізуді жоспарлаған дұрыс. Жүрек қан-тамыр ауруларымен ауыратындарға уайымға салынбай, төзімділікті қорғауы керек. Керек десеңіз, жұмыстан, қосымша қаржыдан бас тартуға тура келуі мүмкін.

Бұған дейін «қаржы» қазығын қағып үлгергендердің жағдайы жақсы болмақ. Биылғы жыл өзінің шешімдеріне сенімді, қарсыластарынан қорықпайтын өжеттер үшін жеңіске толы жыл болмақ.

Сарышаяндарға жыл басында серпіліс жасау үшін үй ішіндегі жылылық отын тұтату керек. Жұлдыздың белсенді өмірлік ұстанымы болашақ серіктердің назарынан тыс қалмайды, алайда қарым-қатынас орнағанымен, ұзаққа бармайды. Бала-шағасы бар Сарышаяндарға барыс сынақ дайындады. Жеке қарым-қатынас тығырыққа тірелгендей көрініп, жанжал да болуы мүмкін. Дегенмен, Барыс сізге, жақындарыңызға өз сезімін қабылдауға көмегін тигізеді. Қиындықтарға қарамастан, ең бастысы, бірге болу, қолдау көрсету. Барыс сатқындар мен зинақорларды жақтырмайды, ашуына қалуыңыз ықтимал.

Деніңіздің саулығына баса назар аударыңыз. Жыл шиеленіске толы болғандықтан, демалыс жетіспей қалуы мүмкін. Ағзаңызға жаңа дем беруді ұмытпаңыз, әйтпесе белсенділік физикалық, моральдық тұрғыдан шаршатып жібереді.

Сарышаяндар биыл қаржы саласында биік шыңдарды бағындырады. Ең бастысы, сараңдық танытпаңыз. Алдымен тәуекелді бағалап алып, шешім қабылдаған дұрыс. Белсенді Сарышаяндарды мансап сатысында жоғарылау күтеді. Байыптылықпен қараңыз! Қалтаңызға қарай өмір сүріңіз, ақшаңыз жетпейтін дүниені алуда сақ болыңыз. Аса белсенділік керісінше нәтиже беруі мүмкін. Оны да ескергеніңіз жөн.

Жалғызбасты Мергендер қызықты жандарды кездестіруі мүмкін. Алайда, сіздің мақсатыңыз отбасы құру болса, маңызды қадам алдында серігіңізді мұқият таңдаған дұрыс.

Деніңіздің саулығына мұқият болыңыз, әсіресе, демалыссыз жұмыс істесеңіз. Созылмалы аурулары бар Мергендерге емделуді кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Шаршағанды басу үшін тыныс алу гимнастикасымен айналысу артық етпейді.

2022 жылы маңсап пен қаржы саласы қалай болары анық емес. Егер Мергендер кез келген жағдайды дұрыс бағалап, өзі үшін қорытынды шығара алса жеңіске оңай жетеді. Жұлдызжорамал «он рет өлшеп, бір рет кесуге» кеңес берді. Артта қалып қалмау үшін бәсекелестеріңізден көз жазбаңыз, бірақ асығыстыққа салынбаңыз. Ымыраға келсеңіз, алысқа барасыз. Сәттілік те серігіңізге айналады. Ең бастысы, бәріне дайын болыңыз!

Тауешкілер үшін жыл басы жағымды болады. Барыс болашақтың пердесін ашып, сізге көптен бері алаңдатып жүрген сұрақтардың жауабын хабарлайды. Тауешкілер тосын дүниеден алшақ болғанымен, биыл өткенді артта қалдырып, өміріңізді өзгертуден қорықпаңыз.

Махаббат әлеміндегі өзгерістерді анық болжауға келмейді. Егер серігіңізбен қарым-қатынасыңыз қиындап кетсе, айырылысып кетулеріңіз әбден мүмкін, бұл шешім жаныңызға қатты батары сөзсіз. Бірақ кейін Тауешкі өзін алға жетелейтін бостандық сезіміне ие болады.

 Денсаулыққа келер болсақ, кейбір жандарға тыныс алу органдарына назар аударған дұрыс. 2022 жыл жұмыстағы қарбаласпен сипатталғанымен, жан мен тәніңіздің саулығы үшін спорт немесе сауықтыру амалдарына уақыт бөлуге тура келеді.

Қаржы саласында Тауешкілерге біраз тер төгу керек. Ақша аспаннан түседі дегенге сенудің қажеті жоқ, тек адал еңбек қана қаржылай жетістіктер мен мансаптағы оң өзгерістерге жеткізеді.

Суқұйғыштар үшін биылғы жыл қай жағынан болмасын жақсы жаңалықтарға толы болмақ. Қалағаныңызға тезірек қол жеткізу үшін армандарыңызды тізіп жазып, бойға ерік берген жөн. Жаңа сынақтардан қорықпаңыз, сіздің уақытыңыз келгенін ұмытпаңыз.

2022 жылы Суқұйғыштар жаңа әсер іздеп, қарым-қатынасқа түсуге ынталы болады. Алайда, серіктерді ауыстырамын деп жақын адамыңыздың сенімінен айырылып қалуыңыз мүмкін. Отбасылы Суқұйғыштар үй ішінде түсінісбеушіліктерге тап болуы ықтимал. Өмірлік серігіңізге кінә артудың орнына өз жолыңызды қайта қарап, бірге ары қарай өмір жолын жалғастыруға боларын/болмасын анықтаған жөн.

Суқұйғыштардың жағдайы өмірдің тыныш ырғағына сай жақсы болмақ. Дегенмен, көп күш жұмсаудың қажеті жоқ, одан да болашаққа қамданған дұрыс. Спортпен айналысып, жаныңызға тыныштық сыйлайтын медитацияға ден қойған, тамақтану салтын жақсартып, зиянды әдеттерден арылған абзал. Маңсабыңыздың дәрежесін көтеремін деп жүгіргенше өзіңізді жетілдіріп, жаңа қызметке дайындығыңызды шыңдауға кеңес беріледі.

Қаржы әлемінде тұрақтылықты күтудің қажеті жоқ. Бұған дейін инвестиция салып үлгергендер енді ғана жемісін көреді. Қызметіңізді жоғарылатуды сұрағанда абай болыңыз, жалақыңызды көтеру туралы өтінішіңіз нәтижелі болады. Жалпы, Суқұйғыштарға қаржылық тұрақтылыққа ден қою керек.

Балықтар үшін 2022 жыл өзгерістермен, қоныс аударумен ерекшеленетін болады. Жаңа жұмыс немесе пәтер – сізді биікке бастайтын алғашқы қадам. Пайда әкелетін, жүрегіңізге жақын істі іздеп көріңіз. Жаз уақытында артық уайым-қайғыдан аулақ болыңыз. Бәрін жеңіп шығатыныңызға күмәнданбаңыз. Балықтар жыл бойы оқиғаның дәл ошағында жүреді.

Жалғыз жүрген Балықтар жаңа танысулар арқасында өмірлік серігін таба алады. Бәлкім, қасыңызда ұзақ уақыт жүрген танысыңыз да сізге лайықты болуы мүмкін. Ал отбасы бар Балықтарға биылғы жыл қиындық әкелуі ықтимал. Көшбасшылық пен соңғы сөздің салмағына бола кикілжіндер туындайды. Жұлдыздар мәмілеге келуге кеңес береді.

Егер күтінуді ұмытпаса, Балықтардың денсаулығы 2022 жылы қанағаттанарлық болады. Күшіңізді сарып етпес үшін, өзіңізді қорғаған дұрыс: үнемі демалу, алдын ала дәрігерлер тексеруінен өту.

Қаржылай жетістікке жету үшін жыл басынан Балықтарға жұмысқа ден қойған дұрыс. Кездейсоқ оқылықтарды да ескерген жөн. Бюджетіңізге сай емес болса, ірі сауда жасаудың қажеті жоқ. Жігерлі жандарға қызметте көтерілу жайында ойлаған жөн. Олардың көптен күткен қызметке тағайындалуы әбден мүмкін.

Әзірлеген Динара МҰРАТ