2021 жылы елімізде туу көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

2021 жылы елімізде туу көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті
Сурет: Qazaqtimes.com

450,7 мыңға жуық бала дүниеге келген, бұл – тарихи максимум.

2021 жылы туу көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 25 мың адамға немесе (+5,9% ) өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бірінші кредиттік бюроның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы туған әрбір екінші бала Қазақстанның оңтүстігінде дүниеге келген, жалпы үлесі 55% құрайды. 

Солтүстік облыстарда дүниеге келгендер (Нұр-Сұлтанды қоса алғанда)  16% ғана. Бюроның мәліметінше, жоғарылаған тек туу көрсеткіші ғана емес.  2021 жылы  Қазақстанда 183,4 мың адам қайтыс болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,8%-ға (немесе 20,7 мың) артық.  2019 жылмен салыстырғанда,  қайтыс болғандар саны 37,4%-ға (немесе 49,9 мың) артқан.

Осылайша, туу көрсеткішінің артуы халықтың табиғи өсіміне іс жүзінде әсер еткен жоқ.  Өткен жылдың қорытындысы бойынша 267,3 мың адамды құрады, бұл соңғы 8 жылдағы орташа деңгейге сәйкес келеді.