200 мың тұрғынды үздіксіз энергиямен қамтамасыз етеді

Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен «Жаңа Алматыны» дамытудың кешенді жоспары аясында инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның құрылысы қалай жүргізіліп жатқанын тексерді.

Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында Түрксіб ауданында «Тұздыбастау» қосалқы стансасы салынып жатқанын, шамамен 200 мың тұрғынды үздіксіз энергиямен қамтамасыз ететінін хабарлады.

«Түрксібте «Тұздыбастау» қосалқы стансасы салынуда. Ол шамамен 200 мың тұрғынды, соның ішінде Әлмерек, Нұршашқан, Қайрат ықш.-рын, Медеу ауданына қарасты Думан ықш-нын үздіксіз энергиямен қамтамасыз етеді. Құлжа трактісі мен әуежайдың жаңа терминалының бойында салынып жатқан және жоспарланған әлеуметтік инфрақұрылым нысандары үшін қуат қоры құрылады», – дед ол.

Сонымен қатар, қала әкімі «Нұрлы жер» бойынша көппәтерлі тұрғын үй кешенінің, Қайрат пен Жас Қанаттағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің, Бұқтырма көшесінің Құлжа трактімен қиылысындағы көлік айрығының қалай салынып жатқанын тексерді.

«Күзде эстакаданың бір жолағын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, «Алмагүл» мен «Каскад» қосалқы стансаларының құрылысы бойынша нысандарды араладым», – дед әкім.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *