20 наурызға арналған ауа райы болжамы

20 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Жел күшейіп, тұман түседі

Қазгидромет ел аумағында 20 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың шығысында, оңтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, еліміздің батысында шаңды дауыл сақталады», - деп жазды синоптиктер.